Қазақстанда соңғы 5 жыл ішінде мұғалімдер жалақысы 100%-ға көбейді

Pexels фото на taspanews.kz от 03 мая 2025 10:41
Фото: Pexels

2020 жылдан бастап педагог мәртебесін көтеру саясаты шеңберінде мұғалімдер жалақысы 100%-ға артты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Жалақының артуымен қатар, соңғы 5 жылдың ішінде, әсіресе, 2023 жылы мектепке дейінгі тәрбиешілер мен техникалық және кәсіптік білім беру педагогтеріне қосымша үстемақылар берілді. Одан бөлек, біліктілік санаттары, еңбек өтілі, академиялық дәрежесінің болуы мен еңбек жағдайлары бойынша қосымша ақы енгізілді.


Жүргізілген шаралардың нәтижесінде қазіргі таңда ауыл мұғалімдерінің жалақысы қала мұғалімдерінен кем дегенде 25%-ға жоғары.  


2025 жылы 11 мыңнан астам мұғалімдер біліктілікті арттыру курстарынан өтті.


Сонымен қатар, мектептерде цифрландыруға көңіл бөлінуде. 1 757 мектепте STARLINK  спутник интернаты қосылған. Оқулықтар цифрландырылып, 11 цифрлық платформада қолжетімді болды.


Следите за новостями Taspanews