Қазақстанда шегірткеге қарсы 1,4 млн гектардан астам жер өңделді

 Pexels фото на taspanews.kz от 08 июня 2025 09:33
Фото: Pexels

Қазақстанда 1,4 млн гектардан астам ауыл шаруашылық алқабын шегіртке зиянкестерінен қорғау үшін өңдеу жүргізілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылғы министрлігіне сілтеме жасап.


Ел бойынша жоспарланған 2,1 млн гектар жердің 1,4 млн гектары өңделді.


Соның ішінде Түркістан облысында зиянкестермен күрес шаралары толықтай аяқталып, 371,79 мың гектар алқап өңделді. Ал Ақтөбе облысында 268,12 мың га, Қостанай облысында 258,97 мың га, Жетісу облысында 74,48 мың га жер өңдеуден өтті. Сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысында – 136,66 мың га, Қызылорда облысында – 50,01 мың га қорғалды.


Ендігі кезекте басқа да өңірлерде жұмыстар жалғасын табуда. Химиялық өңдеу жоспарға сай орындалуда.


Следите за новостями Taspanews