Қазақстанда сел қаупі бар кезең басталды

Қазақстанда сел қаупі бар кезең басталғанмен байланысты ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ сел жағдайына жедел мониторинг жүргізуді бастайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Осы орайда, тауларда маусымдық бақылау бекеттері ашылады. Қазіргі таңда «Қазселденқорғау» ММ мамандары тікұшақпен Іле Алатауы жотасы бассейндері бойында биік және орта таулы бекеттерді тасымалдау мен ашу жұмыстарын жүргізген.
Бекеттерде деректер тәулігіне үш рет немесе күшейтілген режимде беріледі. Жаңа деректер бүгінде «Қазселденқорғау» қызмет көрсететін аумақтарда тұрақты сел жағдайы сақталуда.
Алайда температураның жоғарылауы және қатты жауын-шашын сел құбылыстарының пайда болу қаупінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
«Биылғы шілде мен қыркүйекке дейінгі аралықта сел қаупі бар кезеңнің өтуі жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес су деңгейін қауіпсіз белгілерге дейін азайтудың алдын алу жұмыстарын 15 мұздақ көлде жүргізу жоспарлануда»,
– делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.