Қазақстанда сапасыз медициналық қызмет үшін ақша қайтарылатын болды

Қазақстанда Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіндегі медициналық ұйымдардың қаржысын бақылау күшейтілуде. Енді медициналық мекемелер МӘМС жүйесінде қаржы қозғалысы туралы мәліметтерді жариялауға міндеттелді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінің ашықтығын арттыруға бағытталған жаңа ережелер енгізілуде.
«Енді барлық медициналық ұйымдар өздерінің ресми сайттарында қаржы қозғалысы және жарналардың жұмсалуы туралы толық ақпаратты тұрақты түрде жариялап отыруға міндетті»,
Парламент депутаттары МӘМС шеңберінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры мен медициналық мекемелерге қаржының түсімі мен шығыны туралы мәліметтерді ашық көрсетуге міндеттейтін заңды қарады. Бұл әрбір қазақстандыққа өзінің медициналық сақтандыру жарналарының қалай пайдаланылып жатқанын бақылауға мүмкіндік береді.
«Егер медициналық ұйым келісімшарт бойынша міндеттемелерін орындамаса немесе сапасыз көмек көрсетсе, мұндай қызметтерге бөлінген қаражат қорға қайтарылуы мүмкін. Бұл медициналық қызмет көрсетушілердің жауапкершілігін арттырып, елдегі медициналық қызметтердің сапасын жақсартады»,
Осыдан бөлек, депутаттар МӘМС жарналарын тұрақты төлеген азаматтардың төлем тоқтатылғаннан кейін алты айға дейін медициналық көмек алуға құқығын сақтап қалуды көздейді. Бұл уақытша жарна төлей алмайтын азаматтарды қосымша қорғауға мүмкіндік береді.