Қазақстанда пәтер иелері кооперативтері шаруашылық жүргізудің дербес нысаны болмайды

Фото: Pexels

Қазақстанда пәтер иелері кооперативтері басқарудың дербес түріне жатпайтын болады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.


Түзетулер Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша енгізілді. Енді пәтер иелері кооперативтері бірнеше үйді біріктіретін бизнес құрылым болады. Осылайша олар аумақты тазалау, лифтілерді пайдалану сияқты ортақ мәселелерді  басқарады.


"Пәтер иелері кооперативтері міндетті түрде қайта тіркеуден өтіп, коммерциялық емес ұйым түріндегі типтік жарғы бойынша жұмыс істеуі керек. Мұндай кооперативтердің барлық кірісі тек заңмен белгіленген үйлерді басқаруға жұмсалуы қажет", – делінген ресми хабарламада.