Қазақстанда несие ресімдеудің жаңа ережелері енгізілді

Фото: Shutterstock

Егер сіз үлкен мөлшерде қарыз алуды жоспарласаңыз, енді алдымен жарыңыздан рұқсат сұрауыңыз керек болады. Бұл ережелер Қазақстанда 2024 жылғы қыркүйектен бастап күшіне енді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz сайты fingramota.kz-ке сілтеме жасап.


Енді 3 932 000 теңгеден (2025 жылғы есеппен 1 000 АЕК) асатын кез келген несиені алу үшін азаматтың жұбайы берген міндетті келісім талап етіледі.


"Осыған дейін мұндай талап тек ипотекаға қатысты болатын – онда бәрі түсінікті: тұрғын үй сатып алынады. Ол ортақ меншікке айналады. Ал енді қомақты қаражатқа тұтынушылық несие алу да отбасының келісімінсіз берілмейді",   – деп еске салады сарапшылар.

Мақсат – отбасылық бюджетті қорғау. Бұл жұбайы жасырын несие алып, кейін екіншісі күтпеген жерден қарызға батып қалмауы үшін ойластырылған шара.


Келісімді қалай ресімдеуге болады?


Банкке барып, келісімді қағаз бетіне түсіруге болады немесе онлайн түрде ресімдеуге болады. Бұл eGov арқылы не банктің қосымшасы арқылы жүзеге асады (егер екеуі де сол банктің клиенті болса).


Алайда бір ерекшелік бар – бұл ресім биометрия арқылы жүргізіледі, яғни жеке басыңызды бет-әлпет арқылы растау қажет болады.


Банк нені тексереді?


Несие бермес бұрын банк АХАЖ базасын қарайды. Егер сіз некеде болсаңыз және 1 000 АЕК-тен көп сома алғыңыз келсе – жұбайдың келісімінсіз мәміле жасалмайды.


Егер несие осы ережені айналып өтіп ресімделсе – мұндай келісімді сотта оңай даулауға болады. Бұл да несиелік алаяқтықтан қорғанудың бір жолы.


Несие аларда нені білу маңызды?**


1. Барлық несиелерді өтеуге кірісіңіздің 50%-нан артығы жұмсалмауы тиіс. Егер сіздің несиелік жүктемеңіз жоғары болса – жаңа несие мақұлданбайды.


2. Егер ағымдағы қарыздарыңыз бойынша 90 күннен артық кешігу болса – жаңа несие туралы ұмытуға болады.