Қазақстанда неке бұзуға қатысты мемлекетті баж ұлғайтылуы мүмкін

Фото: Freepik
2025 жылы 9 сәуірде ҚР Парламенті Мәжілісі отырысында Қазақстанда некені бұзу туралы соттарға талап қоюлардан мемлекетті баж мөлшерлемесін 5 АЕК-ке дейін көбейту ұсынысы туралы айтылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Парламенті Мәжілісіне сілтеме жасап.
Одан бөлек, бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін әлеуметтік салық шегерімін 5 мың АЕК дейін көтеру ұсынылды.
Сонымен қатар, алкогольді сусын пен темекі өнімдеріне және қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемелері кезең-кезеңімен арттырылмақ.