Қазақстанда мұнай-газ химия саласы бойынша жеке Заң әзірленеді
Фото: ҚР Үкіметі
2025 жылы 5 мамыр күні Үкімет Отырысында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов мұнай-газ химия саласы туралы жеке заң әзірлеу мәселесін қолдайтынын жеткізді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Үкіметке сілтеме жасап.
Бұл мәселе бұрынырақ Мұнай-газ бизнесі өкілдерімен кездесуде талқыланғаны белгілі. Премьер-министр жаңа Pаңды әзірлеу бастамасын қолдайтынын айқындады.
Олжас Бектенов 2025 жылдың 1 қыркүйегіне дейін Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Ұлттық экономика, Әділет министрліктеріне тиісті Заң жобасын Үкімет Аппаратына енгізуді тапсырды.