Қазақстанда мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 310 млрд теңге төленді

Фото: ҚР ЕХӘҚМ

2025 жылдың басынан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша 272,7 млрд теңге республикалық бюджеттен, 37,3 млрд теңге – еңбекке қабілеттігінен айырылу мен асыраушысынан айырылу бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жәрдемақы төленді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


2025 жылғы 1 маусым бойынша мүгедектік бойынша 542,5 мың адам, асыраушысынан айырылу бойынша 198,1 мың адам жәрдемақы алған. Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік тәуекелдер туындағанда МӘСҚ-тан әлеуметтік төлемдер жасалуда.


Аталған мерзім бойынша 93,2 мың адам еңбек ету қабілеттігінен айырылу бойынша төлем алды. 64,2 мыңға жуық отбасы асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алды.