Қазақстанда көктемгі егіс жұмыстары кезінде 908 мың гектар жер егілді

Фото: Pexels

Қазақстанда наурыз-сәуір айларында 908,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылық дақылдары егілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Елдің оңтүстігі көш бастауда – Алматы облысында 123 мың гектар, Түркістан облысында 263,5 мың гектар, Жамбыл облысында 295,5 мың гектар, Қызылорда облысында 33,4 мың гектар жерге дақыл егілді.


Батыс Қазақстан облысы, Жетісу облысы мен Шымкентте де ауыл шаруашылығы дақылдары молынан егілді.


"Дәнді дақылдар 459,4 мың гектарға, мал азықтық дақылдар 159,9 мың гектарға, көкөністер 46,9 мың гектарға, картоп 18,2 мың гектарға, бақша дақылдары 35,3 мың гектарға, майлы дақылдар 114 мың гектарға, ал мақта 43,9 мың гектарға егілді", – делінген ресми хабарламада.