Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті жасыруға ресми түрде тыйым салынды

Фото: Pexels
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық орындарда бетті жасыруға ресми түрде тыйым салатын заңға қол қойды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Президент адам жүзін жасыратын киімдерді кию мәселесін реттейтін заңға қол қойды. Құжатқа сәйкес, қоғамдық орындарда адамның бетін тануға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салынады.
Алайда, заң талаптарын орындау үшін бетті жасыру керек кезде, қызметтік (лауазымдық, еңбек) міндеттерді атқару барысында, медициналық мақсатта, азаматтық қорғаныс кезінде, ауа райына байланысты, сондай-ақ спорттық, спорттық-бұқаралық және мәдени-көпшілік іс-шараларға тікелей қатысатын адамдар үшін бұл тыйым қолданылмайды.