Қазақстанда қай өңірлерде тыныс алу жеңіл: экологиялық жағдайға шолу

Фото: iStock.kz

Қазақстандағы ауа тазалығы мен экологиялық жағдай мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Соңғы 20 жылда елдегі ауа ластану деңгейі айтарлықтай өзгермеген, ал қазақстандықтар, әсіресе ірі қалаларда, әлі де қолайсыз экологиямен өмір сүруге мәжбүр, деп хабарлайды KazTaspa.kz Ranking.kz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандағы ауа ластануының индексі


Халықаралық Numbeo порталының 2025 жылғы рейтингіне сәйкес, Қазақстан 113 елдің ішінде ауа ластану деңгейі бойынша 30-орынға ие болды. Ел қалаларындағы ластану индексі – 73,2 балл (100 баллдың ішінде) – бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болса, ауа сапасы соғұрлым нашар дегенді білдіреді.


2013 жылы бұл көрсеткіш 79,6 болған.Көршілес елдерде жағдай біршама жақсы: Ресейде – 59, Өзбекстанда – 54 балл. Ал Еуропада ең таза ауасы бар елдер қатарында – Финляндия, Исландия және Эстония.


Ең нашар жағдай қай жерде?


2024 жылы «Қазгидромет» РМК мамандары 70 елді мекенде ауа сапасын өлшеген.Тек 23 елді мекенде ғана ауа сапасы қанағаттанарлық деп танылған. Олардың қатарында:төрт облыс орталығы,бірнеше шағын қала мен ауылдар бар. Қалған 47 қалада ластану деңгейі жоғары немесе өте жоғары болып тіркелген.Ең қиын жағдай ірі қалаларда байқалады:


Қарағандыда ластану индексі 2005 жылғы 13,9-дан 2023 жылы 16-ға дейін өсіп, «өте жоғары» деңгейге жетті.


Астанада


2005 жылы «жасыл» қала саналса (индекс 3,7), 2023 жылы ол «қызғылт сары» аймаққа (7 балл) кіріп отыр.


Өскеменде ресми түрде индекс 8,7-ден 4,8-ге төмендегенімен, тұрғындар әлі күнге дейін қою түтін мен смогты жиі байқайды.


Зиянды заттардың шығарындылары


2005–2023 жылдар аралығында Қазақстанда зиянды заттардың жалпы шығарындылары 3 млн тоннадан 2,3 млн тоннаға дейін азайған – бұл шамамен 25%-ға қысқару. Бірақ сонымен қатар, парниктік газдардың көлемі 45%-ға өсіп, жылына 340 млн тоннаға жеткен. Мұндай өсім климатқа және халықтың денсаулығына айтарлықтай қауіп төндіреді.Ластанудың негізгі көзі – көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары. Олар барлық зиянды шығарындылардың басым бөлігін тудырады. Сонымен қатар, соңғы 18 жылда шығарындылар көздерінің саны екі еседен астам артқан.


Экологияны жақсарту перспективалары


Қазақстан Париж келісіміне қол қойып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жоспарын әзірледі. Негізгі мақсат – 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарындыларын 324 млн тоннаға дейін төмендету, ал 2060 жылға қарай оларды мүлде азайту.Осы мақсатта келесі шаралар жоспарланған:


жаңартылатын энергетиканы дамыту,атом электр станцияларын салу,барлық салаларда экологиялық таза технологияларды енгізу.Егер осы шаралар орындалса, бірнеше онжылдықтан Қазақстандықтар  таза ауамен дем алып экологиялық жағдай жақсарар еді.