Қазақстанда қалыңдық ұрлағандарды түрмеге қамауы мүмкін

Фильмнен алынған кадр фото на taspanews.kz от 14 мая 2025 19:22
Фото: Фильмнен алынған кадр

Қазақстанда мәжбүрлі некеге тұрғызу үшін жазалау шаралары күшейтілмек. Енді адамды некеге мәжбүрлегені үшін нақты жаза — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру болуы мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов хабарлады, – деп жазады KazTaspa.kz.


Елдің кейбір өңірлерінде қызды еркінен тыс алып қашу, яғни мәжбүрлі «құда түсу» әлі де кездеседі. Мұндай әрекеттер жиі «дәстүр» деп ақталғанымен, іс жүзінде бұл — адам құқықтарының өрескел бұзылуы.


Қалыңдық ұрлаған жазаға тартылады


Қылмыстық кодекске енгізілетін жаңа бапта — «Некеге мәжбүрлеу» мәселесі қарастырылған. Әбеновтың айтуынша, бұл бап тек қыз алып қашу жағдайларын ғана емес, сондай-ақ кез келген адамды еріксіз некеге тарту жағдайларын қамтиды.


«Жауапкершіліктің үш деңгейі болады. Ең жеңіл жаза – айыппұл. Ал егер күш қолдану, кәмелетке толмағандармен қатысты немесе топпен жасалған қылмыстық әрекеттер болса – бұл 5–7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін қылмыстық жауапкершілікке әкеледі», – деді депутат.

Қазіргі уақытта заң жобасы Мәжілісте қаралуда, және келесі аптада ол екінші оқылымға шығарылуы мүмкін.


Айыппұлдың нақты мөлшері заң жобасында әзірге көрсетілмеген.


Следите за новостями Taspanews