Қазақстанда Coca-Cola İçecek A.Ş. өндірісі кеңейтіледі

Фото: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Кока-Кола Алматы Боттлерс» бірлескен кәсіпорнының Орталық Азия және Кавказ өңірі бойынша аймақтық директоры Гюзель Эрдинчпен кездесу барысында компанияның өндірістік қызметін кеңейтуді талқылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.


Гюзель Эрдинч компанияның өндірістік қуатын кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инновациялық технологияларды енгізуге өз үлесін қосуды жалғастыруға дайын екенін жеткізді.


Coca-Cola İçecek A.Ş. компаниясы елде 1994 жылдан бастап бар. Компания үш қалада – Алматы, Астана мен Шымкентте орналасқан. Өндіріс алаңында газдалған сусындар, салқын шай, су және шырындар өндіріледі.