Қазақстанда балық шаруашылығы өсім көрсетуде

Pexels фото на taspanews.kz от 05 мая 2025 09:34
Фото: Pexels

2024 жылы Қазақстандағы балық өнімдерінің көлемі 94,6 мың тоннаны құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7%-ға өсімді көрсетеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.


Аталған балықтың 45,2 мың тоннасы табиғи су айдындарында ауланған, 18,2 мың тоннасы балық өсіру шаруашылықтарында өндірілген.


50-ден астам қазақстандық өнім әлемнің 21 еліне экспортталады. Елде 72 кәсіпорын балықты қайта өңдеумен айналысады, оның 20-сы өнімдерді Еуропалық одақ елдеріне жібереді.


«Мемлекет аквакультураны дамытуға белсенді қолдау көрсетуде. 2021 жылдан бері салаға бөлінетін субсидия көлемі 9 есеге өсіп, 2024 жылы 4,5 млрд теңгеге жетті. Инвестициялық шығындардың 25%-на дейін, жем-шөпке жұмсалатын шығындардың 30%-ы, шабақ, аналық балық және ветеринариялық препараттар сатып алуға кететін шығындардың 50%-ы мемлекет тарапынан өтеледі. Нәтижесінде, соңғы үш жылда балық өсіру шаруашылықтарының саны екі есеге артып, 600-ге жетті», – делінген ресми хабарламада.

Саланы дамыту 2021-2030 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында қолға алынды. Сонымен қатар, дайын өнімді қайта өндеуді ынталандыру мен экспортты арттыру үшін өңделмеген балықтың эскпортына шектеу қойылды.


«2024–2025 жылдары көксерке мен сом балығын экспорттауға алты айлық тыйым салу енгізілді. Бұл аталған балық түрлерін қайта өңдеуге арналған шикізат көлемін 23%-ға арттыруға мүмкіндік берді», – делінген Ауыр шаруашылығы министрлігі хабарламасында.

Алдағы уақытта өңделген балық өнімдерін субсидиялау механизмдерін енгізу, 2,5%  мөлшерлемемен балық өсіру мен өңдеу жобаларын қаржыландыру үшін бюджеттік несиелеу бағдарламасын кеңейту жоспарланды.


Сенатта инвестиция тартуға және саланың дамуын ынталандыруға бағытталған «Аквакультура туралы» Заң жобасы қаралуда.


Следите за новостями Taspanews