Қазақстанда баламен қарым-қатынас мәселелері бойынша дауларды шешуге арналған бірыңғай ереже енгізілді

Pexels фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 10:43
Фото: Pexels

Қазақстанда 2025 жылы 13 сәуірден бастап ата-аналар мен жақын туыстар үшін баламен қарым-қатынас жасау тәртібіне қатысты дауларды шешудің бірыңғай ережелері енгізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.


Баламен қарым-қатынас жасауға шектеу қойылған жағдайда баланың тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық органына өтініш беріледі.


Өтініш беру үшін жеке куәлік көшірмесі, нарко-психиатриялық диспансерлер анықтамалары, соттылығы жоқтығы жайлы анықтама мен мекен-жайды растайтын құжат қажет болады.


Ортақ тәртіп барлық өңірлерде бірдей таралады.


ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова бұл шара баланың жақындарымен қарым-қатынасын үзіп алмауға, оның құқығын қорғауға бағытталғанын атап өтті.


«Қорғаншылық органы өтінішті 15 жұмыс күні ішінде қарап шығады. Осы мерзімде мамандар екі тараппен жеке сөйлесіп, қажет болса тұрмыстық жағдайды зерделейді. Егер бала 10 жасқа толған болса, оның да пікірі ескеріледі», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews