Қазақстанда балаларға арналған революциялық жоба басталады

Pixabay.com фото на taspanews.kz от 14 мая 2025 16:27
Фото: Pixabay.com

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда спорт және шығармашылықпен айналысуға арналған мемлекеттік қаржыландыруды «әлеуметтік әмиян» функциясымен біріктіретін пилоттық жоба іске қосылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Пилоттық жоба Астана мен Шымкент қалаларында басталып, 1 қыркүйектен бастап Ақтөбе, Қызылорда және Атырау облыстарында жалғасады. Бұл туралы Сенат депутаттарының сауалына жауап ретінде Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді.


Не өзгереді?


Жаңа жоба аясында балалардың спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысуы QR-код пен биометриялық сәйкестендіру арқылы автоматты түрде есепке алынады. Бұл әдіс бюджет қаражатының бөлінуін ашық әрі тиімді етуге, мақсатсыз шығындардың алдын алуға бағытталған. Негізгі мақсат – бөлінген қаржыны мақсатты жаратуды қадағалау және спорт және шығармашылық саласындағы қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.


240 мыңнан астам бала үйірмелерге қатыса алады


2024 жылы Үкімет спорт және шығармашылық саласындағы бағдарламаларды кеңейтуге 47 миллиард теңге бөлді.


«Осы қаржының арқасында ел бойынша 240 мыңнан астам бала спорттық секциялар мен шығармашылық үйірмелерге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Мемлекеттік тапсырыс аясындағы қаржыландыру жыл сайын артып келеді. Бұл балаларды көп бөлігін қамтуға және үйірмелердің сапасын жақсартуға ықпал етеді»,  – делінген ресми хабарламада.

Жобаның артықшылықтары


Бұл инновациялық жоба әр түрлі жастағы балалар үшін бұқаралық спорт пен шығармашылыққа қолжетімділікті арттыруды мақсат етеді.


«Басты жаңалық – есеп жүргізудің автоматтандырылуы. Сондай-ақ, ата-аналар балаларының жетістігін «әлеуметтік әмиянмен» біріктірілген цифрлық платформа арқылы бақылай алады»,  – деп түсіндірді Олжас Бектенов.

Балаларды қолдау және инфрақұрылымды дамыту


Олжас Бектеновтің айтуынша, қаржыландыруды өңірлік деңгейге беру жергілікті атқарушы органдардың құзырында қалады. Әрбір өңір спорт нысандарының сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін болады. Бұл балалар үшін жоғары стандарттарттарды қалыптастыруға жол ашады.


Следите за новостями Taspanews