Қазақстанда балалар үшін жазғы сауықтандыру бағдарламасы басталды

Фото: Pexels
Балалар мектептен демалатын кезеңде оларды сауықтандыру, демалдыру мен уақытын тиімді өткізуге арналған іс-шаралар қатары басталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Жазғы демалыспен ел бойынша 3,2 млн бала, әлеуметтік осал топтардан 500 мыңнан астам бала қамтылады. Ал ауылдық жерлерден шыққан 10 мың республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары «Қазақстан халқына» қоры арқылы «Жаздық жолдама» жобасы аясында демалады.
«Осы жазда еліміз бойынша 10 мыңнан астам лагерь жұмыс істейді, оның ішінде 17 жыл бойы жұмыс істейтін, 198 маусымдық сауықтыру орталықтары және 10 мыңнан астам мектеп жанындағы лагерьлер бар. Балалардың демалысының сапасы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында сауықтыру нысандарына қойылатын талаптар алгоритмі әзірленіп, енгізілді. Бұл алгоритмде санитарлық-гигиеналық нормалар мен қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын кезең-кезеңімен қамтамасыз ету шаралары көзделген»,