Қазақстанда балалар бірегей ваучер арқылы үйірмелерге бара алады

Pix фото на taspanews.kz от 30 мая 2025 11:26
Фото: Pixabay.com

2025 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанда балаларға арналған жаңа ыңғайлы жүйе — бірегей ваучер іске қосылады. Енді спорттық, шығармашылық үйірмелерге немесе қосымша сабақтарға жазылу бір платформа арқылы жүзеге асады, деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жоба алғашқы кезеңде келесі жеті қалада іске қосылады:Астана, Шымкент, Қарағанды, Қызылорда, Атырау және Ақтөбе.Не өзгереді?Әр балаға жеке ваучер беріледі — бұл спорт, өнер немесе білім бағытына «әмбебап билет» ретінде қызмет етеді.«Басты жаңалық – қаржы нақты ұйымға емес, балаға бекітіледі. Яғни, үйірмені ауыстырса да, қаржыландыру сақталады.


Үйірмелерді цифрлық платформа арқылы таңдауға болады, ол жерде мемлекеттік те, жекеменшік ұйымдар да көрсетіледі», – делінген министрлік хабарламасында.Ваучердің екі түрі болады:Мақсатты ваучер – мемлекеттік үйірмелерге кезексіз баруға арналған.


Әмбебап ваучер – жекеменшік үйірмелерге де жарамды, бұл ваучер бойынша баланың жасы мен отбасының мәртебесі ескеріледі.


Бастаманың маңызы неде?


Бұрынғы жүйе көптеген кемшіліктерге ие болған. Тексерістер көрсеткендей:Балаларды қағаз жүзінде тіркеп, іс жүзінде үйірмелерге қатыспаған;Сабақтар жертөлелерде немесе пәтерлерде өткізілген;


Кей жағдайларда балаларды сотталған адамдар оқытқан;


Мыңдаған бала жүйеде бар болғанымен, үйірмелерге қатыспаған.


«Енді талаптар күшейеді: тек қауіпсіз ғимараттар, білікті педагогтар және ресми бағдарламалар болуы тиіс. Үйірмелердің жұмысы мен қатысуы онлайн бақыланады», – деп атап өтті министрлікте.


Жобаны бірнеше министрлік бірлесе іске асырады:Мәдениет және ақпарат, спорт және туризм, цифрлық даму және ағарту министрліктері. Басты мақсат –балалар дамуы үшін қауіпсіз және ашық жүйе құру және бюджет қаражатын адал әрі тиімді пайдалану.


Следите за новостями Taspanews