Қазақстанда балабақшаға қабылдау кезеңі жақындады: топтарға жинақтау қалай өтеді

2025-2026 жылы Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдардағы топтарға жинақтау қалай өтетіні түсіндірілді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Балаларды қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін жалғасады.
Жас ерекшеліктер бойынша балаларды топтарға жинау 1 тамыздан басталады. Бос орын жайлы бірінші кезекте тұрғандарға айтылады. Ата-анаға жолдаманы растау немесе бас тартуға 2 күн беріледі. Жолдама расталған жағдайда, 5 күн ішінде құжаттарды тапсырып, келісімшарт жасалады. Қажет жағдайда жолдама 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартылады.
«Егер құжаттардың толық пакеті ұсынылмаса, мерзімі өтіп кеткен болса немесе екпе алмаған балалар саны рұқсат етілген мөлшерден асып кетсе, балабақша құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Құжаттарды алдын ала тексеріп, жеке кабинеттегі хабарламаларды қадағалап отыру қажет екені ескертіледі»,
1 шілдеден бастап кезек жаңартылғаннан кейін ваучерлік қаржыландыру бар өңірлерде ваучерлер бөліне бастайды.
Ваучер алу үшін келісімді 2 жұмыс күн ішінде растау керек, балабақша таңдап, құжат жинап, келісімшартты 5 жұмыс күн ішінде ресімдеу керек.
«Егер қалаған балабақшада бос орын болмаса, ата-ана баланы «күту парағына» қоя алады. Бос орын пайда болған жағдайда жеке кабинетке жаңа хабарлама жіберіледі»,