Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының түрлі ауруларға шалдығуы азайған

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың төрағалығымен өткен кеңесте ветеринарлық қауіпсіздік бойынша негізгі басымдықтар айқындалды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ресми ақпаратқа сілтеме жасап.
Кеңесте елдегі азық-түлік тәуелсіздігі мен қазақстандық өнімнің экспорттық тұрақтылығы тікелей ветеринарлық қызметтің жұмысына тәуелді екені айтылды.
Одан бөлек, жануарлардың аурушаңдығы көрсеткіштері талқыланды.
ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Аманғали Бердалин соңғы үш жылда жануарлардың бруцеллёз, құтырма, эмкар және сібір жарасы бойынша аурушаңдығы 49,1%-ға төмендегенін жеткізді. 2025 жылдың 5 айы ішінде көрсеткіш 68,1% құрайды.
«Қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде Қазақстан бірқатар аса қауіпті аурулар — шошқаның классикалық және африкалық обасы, құстың жоғары патогенді тұмауы бойынша эпизоотиялық тұрақтылықты қалпына келтірді. Бұл Қытай мен Ресей тарапынан уақытша экспорттық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік берді»,
Сібір жарасынан қырылған жануарларды көму бойынша тіркелген 2560 нысанның 2211-і санитарлық талаптарға сай келтірілді. 118 нысан бойынша жұмыс жалғасуда.
«Министрлік ветеринариялық мамандардың еңбекақысын арттыру, зертханалық зерттеулерді ақылы ету, заң бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту және цифрлық бақылау жүйесін дамыту бойынша заңнамалық бастамалар әзірледі»,