Қазақстанда алғаш рет Ұлттық креатив фестивалі өтуде

ҚР МАМ фото на taspanews.kz от 22 апреля 2025 10:44
Фото: ҚР МАМ

Қазақстанда Дүниежүзілік креатив күні аясында Креативті индустрия альянсы ұйымдастырған Ұлттық креатив фестивалі өтуде, – деп хабаралайды Taspanews.kz ҚР МАМ сілтеме жасап.


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен іске асқан фестиваль 21-26 сәуір аралығында Астана, Алматы, Павлодар, Атырау, Өскемен және Шымкентте өтеді. Фестиваль аясында Қазақстанның мәдениет, өнер, білім беру салалары өкілдері бас қоспақ. Жоба аясында 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. 


«Фестиваль барысында шеберлік сағаттары, дәрістер, шығармашылық зертханалар, дизайнерлер, суретшілер мен иллюстраторлардың көрмелері, қолөнершілер жәрмеңкелері өтеді. Сонымен қатар әртістер сахнада өнер көрсетіп, білім беру мекемелері, қалалық бастамалар, бизнес пен қоғамдық ұйымдар жобаларын таныстыру секілді 100-ден астам іс-шара жоспарланған», – делінген ресми хабарламада.

2026 жылы фестивальді ел бойынша барлық өңірлерде өткізу жоспарланды.  


2029 жылға дейін Қазақстанда креативті индустрияның ел экономикасына қосатын үлесі 2%-ға дейін жетуі мүмкін.


Еске салсақ.  БҰҰ Бас Ассамблеясы 2017 жылы 21 сәуірді Дүниежүзілік креатив пен инновациялар күні деп жариялаған.


Следите за новостями Taspanews