Қазақстанда алаяқтар ресімдеген несиелер сотқа дейін жойылады

Қазақстанда несие алушыларды қорғаудың жаңа тетігі іске қосылмақ — енді алаяқтар рәсімдеген негізсіз несиелерді сотқа жүгінбей-ақ жою мүмкін болады. Бұл ұсынысты Сенат қолдап отыр, деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Бұл қалай жұмыс істейді
Егер банк немесе микрокаржылық ұйым несиеңізді сіздің келісіміңізсіз немесе жеке қатысуыңызсыз ресімдесе — мұндай қарыз сотқа дейінгі тәртіппен жойылады.
Жаңа ереже сондай-ақ «суыну кезеңі» (несие алушының ойлануына берілетін уақыт) сақталмаған жағдайларға да қатысты болады.
«Біз келісімнің жоқтығы немесе суыну кезеңінің сақталмауы секілді міндетті талаптар орындалмаған жағдайда несиені сотқа дейін жойылу жүйесін енгізіп жатырмыз. Бұл фактілерді тексеру және құжатпен растау оңай»,
Кімдер пайдалана алады
Алаяқтар атына несие ресімдеген азаматтар;
Банкке бармай, қашықтан несие алған адамдар;
«Суыну кезеңі» сақталмаған азаматтар (мысалы, зейнеткерлер).
Маңызды: егер сіз мұндай несиені төлеуді бастап кеткен болсаңыз немесе толық төлеп қойған болсаңыз, онда ақша қайтарылмайды. Бұл ереже тек қолданыстағы және жаңадан анықталған алаяқтық несиелерге қатысты.
«Суыну кезеңі» деген не
Бұл — тұтынушылық несиелеу саласындағы жаңа талап.
Егер әлеуметтік осал топтағы азамат (мысалы, зейнеткер немесе мүгедек) несие алуға мақұлдау алса, банк оған кемінде 24 сағат ойлануға уақыт беруге міндетті. Тек осы мерзім өткен соң ғана шартқа қол қоюға болады.
Бұл талап орындалмаса — несие жарамсыз деп танылады.
Қысқаша түйін:
Алаяқтар рәсімдеген несиелер сотсыз жойылады;
«Суыну кезеңі» ережесі енгізіледі;
Банктер тарапынан ереже бұзылса — несие жарамсыз деп танылады;
Бұрын төленіп қойған алаяқтық несиелерге ақша қайтарылмайды.