Қазақстанда АЭС салу кемінде 14 миллиард доллар ақша талап етуі мүмкін

Gov.kz фото на taspanews.kz от 27 июня 2025 10:18
Фото: Gov.kz

Қазақстанда АЭС салу құны кемінде 14 миллиард доллар құрауы мүмкін, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Бұл туралы Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысынан кейін мәлімдеді.


«Құрылыс құны техникалық-экономикалық негіздемеге сүйене отырып анықталады. Қазір вендорлардан индикативті параметрлер бар, бірақ олар келісімдермен қорғалған. Дегенмен, жалпы әлемдік тәжірибеге сүйенсек, мұндай деңгейдегі станцияның құны кем дегенде 14 миллиард доллар шамасында болады»,  – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Следите за новостями Taspanews