Қазақстанда 8 мыңнан астам ауыл мұғалімдері біліктілігін арттырды

Фото: Pexels
2025 жылдың басынан бері Қазақстанда орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған біліктілікті арттыру курстарын 13 мыңға жуық мұғалім өтті. Оның 8 мыңнан астамы – ауыл мектептері мұғалімдері, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Аталған курстар 41 білім беру бағдарламасы бойынша ұйымдастырылды. Оның 21-і пәндік даярлыққа арналды. Инклюзивті, арнайы білім беру мен жаhaндық құзыреттер, SMART, STEM бағыттары бойынша 4 мыңға жуық педагог біліктілік арттырды.
Одан бөлек, Астана, Ақмола мен Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында мақсатты мектеп педагогтері 11 негізгі пән бойынша 557 курс өтті. Аталған курстан 12 122 мұғалім өтті.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы педагогтердің кәсіби әлеуетін дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстарын жалғастыруда. 2025 жылдың соңына дейін 70 мыңға жуық педагогті біліктілікті арттыру курстарымен қамту жоспарланған. Сонымен қатар мектепке дейінгі білім беру саласында цифрлық дағдыларды дамытуға арналған бағдарламаны іске асыру көзделуде»,