Қазақстанда 217 мың жас түлек мектеп бітіреді

Фото: GOV.kz
Қазақстанда 2024-2025 оқу жылын 3 908 450 оқушы мектепті тәмамдауда. Оның 217 мыңы – түлектер, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
ҰБТ бойынша тестілеу 16 мамырда басталып, 7 шілдеге дейін жалғасады. Талапкерлер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, грантқа үміткер бола алады.
Тестті тапсыруға өтініш бергендердің 16,5%-ы «Математика-Физика», 15,6%-ы «Биология-Химия», 9,7%-ы «Математика-Информатика» пәндер комбинациясын таңдады. «Химия-Физика» комбинациясы бойынша тестті бар болғаны 285 адам тапсырады.