Қазақстанда 2025 жылы жоғарғы оқу орнына түсу үшін қанша балл қажет болады?
Қазақстанда 2025 жылдың негізгі ҰБТ басталды. Талапкерлер жоғары оқу орындарына грант ұтып алу үшін тест тапсыруда. Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО-на түсу үшін қажет минималды шекті балдарды жариялады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Министрліктің мәліметіне сай, шекті балдар өткен жылғы деңгейде қалды.
ЖОО-ға түсу үшін қанша балл керек:
құқық, педагогика – кемінде 75 балл
медицина және әлеуметтік ғылымдар – кемінде 70 балл
ұлттық университеттер – кемінде 65 балл
басқа ЖОО-дар – кемінде 50 балл.
Әр талапкер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады, алайда екі мүмкіндікте де бір ғана бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады. Конкурсқа ең жоғары нәтиже есепке алынады.
ҰБТ-2025 форматы мен құрылымы
Тестте барлығы 120 тапсырма болады:
Қазақстан тарихы – 20 тапсырма
Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма
Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма
Екі бейіндік пән – әрқайсысы 40 тапсырмадан
«ҰБТ-ның ең жоғары балы – 140. Тапсырмаларды орындауға 4 сағат (240 минут) беріледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін қосымша 40 минут қарастырылған»,