Қазақстанда 2025 жылы жоғарғы оқу орнына түсу үшін қанша балл қажет болады?

flectone.ru фото на taspanews.kz от 16 мая 2025 22:58
Фото: flectone.ru

Қазақстанда 2025 жылдың негізгі ҰБТ басталды. Талапкерлер жоғары оқу орындарына грант ұтып алу үшін тест тапсыруда. Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО-на түсу үшін қажет минималды шекті балдарды жариялады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Министрліктің мәліметіне сай, шекті балдар өткен жылғы деңгейде қалды.


ЖОО-ға түсу үшін қанша балл керек:


құқық, педагогика – кемінде 75 балл


медицина және әлеуметтік ғылымдар – кемінде 70 балл


ұлттық университеттер – кемінде 65 балл


басқа ЖОО-дар – кемінде 50 балл.


Әр талапкер ҰБТ-ны екі рет тапсыра алады, алайда екі мүмкіндікте де бір ғана бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады. Конкурсқа ең жоғары нәтиже есепке алынады.


ҰБТ-2025 форматы мен құрылымы


Тестте барлығы 120 тапсырма болады:


Қазақстан тарихы – 20 тапсырма


Оқу сауаттылығы – 10 тапсырма


Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма


Екі бейіндік пән – әрқайсысы 40 тапсырмадан


«ҰБТ-ның ең жоғары балы – 140. Тапсырмаларды орындауға 4 сағат (240 минут) беріледі. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар үшін қосымша 40 минут қарастырылған», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews