Қазақстанда 14 мамыр күні бойынша дауылды ескерту жарияланды

Қазгидромет Қазақстанның барлық өңірінде найзағай, бұршақ, аптаған ыстық пен шаңды дауыл болатынын мәлімдеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.
Қазақстан аумағына аса қауіпті ауа райы көрінісі жақындап келеді. 2025 жылғы 13 мамыр сағат 20:00-ден 14 мамыр сағат 20:00-ге дейін елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды.
Жаңбыр, найзағай және бұршақ: қай өңірлерде қауіпті
Батыс Қазақстан облысы: 14 мамырда облыстың батыс және солтүстік аудандарында – нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, жел екпіні 20 м/с болады. Орал қаласында – нөсер жаңбыр мен бұршақ болуы мүмкін.
Павлодар облысы: солтүстікте – нөсер жаңбыр мен бұршақ, облыс бойынша – найзағай мен жел 20 м/с дейін.
Солтүстік Қазақстан облысы: түнде және таңертең – тұман, оңтүстік және шығыс аудандарда – нөсер жаңбыр, күндіз – найзағай мен бұршақ. Жел 15–20 м/с.
Қостанай облысы: 14 мамырда найзағай мен тұман болады, жел екпіні 20 м/с дейін.
Атырау облысы: батыста – бұршақ пен нөсер жауын жауады, солтүстігі мен оңтүстігінде – найзағай ойнайды, жел соғады.
Шаңды дауыл мен жел
Маңғыстау облысы: 14 мамырда күндіз облыстың орталығы пен батысында – шаңды дауыл соғады, жел 20 м/с дейін күшейеді. Ақтауда да осындай жағдай орнайды.
Ақтөбе облысы: батыс өңірлерде – найзағай мен бұршақ жауады, 20 м/с жел соғады.
Шығыс Қазақстан облысы: облыстың солтүстігі пен шығысында – найзағай ойнадйы, 20 м/с дейін жел соғады.
Жетісу облысы: 14–16 мамыр аралығында таулы аудандарда жел екпіні 20 м/с дейін жетеді, күн 39 °С-қа дейін ысиды.
Аптаған ыстық пен өрт қаупі
Қызылорда облысы: 14 мамырда ауа температурасы 43 °C-қа дейін жетіп, төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы: ауа температурасы 38 °C-қа дейін көтеріледі, көп бөлігінде – өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы: ауа температурасы 36 °С-қа дейін көтеріледі, облыстың оңтүстігінде – төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы: 15 мамырда ауа температурасы 36 °С-қа дейін көтеріледі, кейбір аудандарында – аптап ыстық орнап, өрт қаупі жоғары болады.
Астана: 15 мамыр күндіз – 35 °С-қа дейінгі ыстық ,болжанады.
Абай облысы: жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу, Маңғыстау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарында – көптеген аудандарда жоғары немесе төтенше өрт қаупі бар.