Қазақстанда 13 мыңнан астам шет ел азаматы еңбек етеді

Pexels фото на taspanews.kz от 22 апреля 2025 10:27
Фото: Pexels

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынга Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен жұмыс істейтін шет ел азаматының саны 13 891 азаматты құрады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ЕХӘҚМ сілтеме жасап.


Қызмет түрлері бойынша ең көп жұмыс істейтін шет елдіктер құрылыс саласында – 5 131 адам, ауыл, орман, балық шаруашылығында – 1 695 адам, тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді қазуда – 1 351 адам, өңдеу өнеркәсібінде – 1232 адам байқалады.


Қазақстанға еңбек етуге келетіндер қатарында – Қытайдан – 4 885 адам, Өзбекстаннан – 1 614 адам, Үндістаннан – 1 150 адам, Түркиядан – 1 124 адам тіркелді.


Министрлікте жыл сайын елге шет ел мамандарын тартуға квота бөлінеді. 2025 жылдың наурыз айынан бастап жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 16,5 мың бірлікке дейін ұлғайтылды.


«Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 570 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 439 рұқсат (екінші санат). Тартылған ШЖК негізгі бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттарға жатады – тиісінше олар 4 541 және 1 023 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға 1 709 адам, ал корпоративтік ауыстыру аясында 3 609 адам тартылды», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews