Қазақстанда 1000 мектеп жаңғыртылады

Фото: Pexels
2025-2026 жылғы оқу жылында Қазақстанның шағын қалалары мен ауылдарында кезекті 1000 мектеп жаңғыртудан өтеді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасын теңдестіру мақсатында қолға алынған жаңғырту жұмыстары аясында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Одан бөлек, пәндік кабинеттерді жабдықтау, мектеп жиhаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханалар жағдайын жақсарту ұйымдастырылады.
2025-2026 оқу жылында робототехника, химия, биология, физика және STEM бағыттары бойынша 1000-ға жуық заманауи кабинет сатып алынады.