Қазақстанан тағы бір гроссместер шықпақ: шахматшы Бибісара Асаубаева рейтингтік межеден асты

Фото: GOV.kz
Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен Sharjah Masters 2025 супертурнирінде Бибісара Асаубаева үшінші гроссмейстерлік нормасын орындап, алғаш рет 2500 рейтингтік межеден асты, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Шахмат федерациясына сілтеме жасап.
Шахматшы 64 қатысушымен ой жарыстырып, үздік 30 қатарына енді. Содан соң әйелдер Гран-приінің жеңімпазы Чжу Цзиньэр мен Олимпиада чемпионы Дивья Дешмухты жеңді.
Ендігі кезекте ФИДЕ кеңесінің алдағы отырысында ресми бекітуден сәтті өткен жағдайда Бибісара Асаубаева Қазақстанның екінші гроссмейстері атанбақ.