Қазақстан жолдарында орташа жылдамдықты бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді

Фото: Freepik
Республикалық маңызы бар жолдарда қозғалыстың орташа жылдамдығын бақылайтын автоматтандырылған кешен енгізілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ сілтеме жасап.
Бұл шара жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен жүргізушілердің айыппұлдарға ұшырауын алдын алуға бағытталды.
Келесі жол учаскелерінде орташа жылдамдық бақыланатын болады:
1. Астана – Щучинск (жылдамдыққа шектеу 140 км/сағ);
2. Астана – Павлодар (шектеу 140 км/сағ);
3. Шымкент – Қызылорда (шектеу 110 км/сағ); 4. Шымкент – Тараз (шектеу 110 км/сағ);
5. Павлодар – Семей – Қалбатау (шектеу 100-110 км/сағ);
6. Орал – Ресей Федерациясы шекарасы (Саратов) (шектеу 100 км/сағ);
7. Павлодар - РФ шекарасы (Омбы) (шектеу 100-110 км/сағ).