Қазақстан жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан қос алтын иеленді

Фото: Olympic.kz
2025 жылы 8 маусым күні Оңтүстік Кореяның Чечхон қаласындағы Азия чемпионатының соңғы күнінде қазақстандық жасөспірімдер құрамасы спорттық гимнастикадан үш жүлделі орын иеленді, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Olympic.kz сілтеме жасап.
Шешуші бәсеке аясында құрама үш медаль жеңіп алды. Оның екеуң – алтын. Қос қазақстандық спортшы ат снарядында өздерін көрсетті. Роман Хегай (13.800) алтын және Нұртан Ыдырысов (12.866) күміс жүлде иеленді.
Сонымен қатар, Нұртан Ыдырысов қоссырықтағы жаттығуда үздік нәтиже көрсетті (13.933 ұпай).
Жасөспірімдер құрамасы топтық көпсайыста үшінші орын алды.