Қазақстан тұрғындарын дауылды, тұманды және аптаған ыстық болатын түрлі ауа райы күтеді
2025 жылы 13 мамыр, сейсенбі күні Қазақстанның 15 өңірінде бірден дауылды ескерту жарияланды. Синоптиктер ауа райының күрт нашарлауын ескертеді – найзағай, дауыл, бұршақ, қатты жел, тұман және аптаған ыстық күтіледі, деп хабарлайды KazTaspa.kz "Қазгидромет РМК сілтеме жасап.
Найзағай, бұршақ және дауыл
Ақмола облысы: күндіз батыста, солтүстікте және оңтүстікте – найзағай, бұршақ және жел екпіні 28 м/с дейін. Көкшетауда жел 25 м/с дейін жетуі мүмкін.
Алматы облысы мен Алматы қаласы: таулы және тау бөктерінде – найзағай мен бұршақ, жел екпіні 22 м/с дейін.
Ақтөбе облысы: оңтүстігінде, шығысында және орталығында – найзағай, бұршақ және дауыл. Жел 20 м/с дейін.
Солтүстік Қазақстан облысы: қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл және найзағай. Жел екпіні 28 м/с дейін.
Қостанай облысы: түнде – найзағай, күндіз – бұршақ. Жел 28 м/с дейін.
Павлодар облысы: күндіз оңтүстіктен соққан жел 20 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысы: батыс, солтүстік және шығыста – найзағай мен бұршақ. Жел 20 м/с дейін.
Ыстық пен өрт қаупі
Қызылорда облысы: Қазалы ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады. Жел 20 м/с дейін.
Абай, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары: шөл және оңтүстік аудандарда жоғары және төтенше өрт қаупі бар.
Тұман мен үсік
Ақмола облысы: түнде және таңертең – тұман, Көкшетауда үсік -1°C дейін.
Шығыс Қазақстан облысы: таңертең шығысында – қалың тұман.