Қазақстан тұрғындары үшін Starlink компаниясының спутниктік интернет қызметі қосылады

ҚР Цифрлық даму, инновациялар мен аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен SpaceX-тің еншілес құрылымы – Starlink компаниясы келісімге қол қойды. Starlink спутниктік интернет қызметі Қазақстанда ресми түрде іске қосылады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ЦДИАӨМ сілтеме жасап.
Келісім құжатта компания елдегі ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы заңнаманы толық сақтай отырып, жұмыс істейтіні келтірілген.
Қазақстанда Starlink спутниктік терминалдары ресми түрде 2025 жылдың үшінші тоқсанында сатыла бастайды.
Бұрынырақ Starlink тек мектептерде қолжетімді болды. Ендігі кезекте тұрғындар да ресми, әрі заңды түрде спутниктік интернетке қосыла алатын болады. Бұл – шалғай өңірлерді, медициналық мекемелерді, мобильді топтарды сапалы интернетпен қамтуға арналған шара.
«Starlink жабдықтарын заңдастыру мен ресми қолдану мәртебесінің ерекше маңызы бар: енді азаматтар терминалдарды заңды түрде сатып алып, пайдаланып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркей алады»,