Қазақстан ТМД елдері арасында ішімдік ішу рейтингінде үштікке енді

Қазақстан World Population Review ұйымының алкоголь тұтыну бойынша жаһандық рейтингінде 68-орынға жайғасты. ТМД елдері арасында Қазақстаннан жоғары тек Ресей мен Беларусь қана тұр, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап.
Статистикаға сәйкес, Қазақстанда 15 жастан асқан адам жылына орта есеппен 6,38 литр алкоголь тұтынады.
Ер адамдар – жылына орта есеппен 10,3 литр
Әйелдер – 2,76 литр
Салыстыру үшін: Ресейде бұл көрсеткіш 12 литрден, Беларусьте 11,6 литрден асады.
Кім көп, кім аз ішеді?
ТМД елдері арасында Қазақстан тек Ресей мен Беларуське ғана жол береді. Қалған елдерде алкоголь тұтыну айтарлықтай төмен:
Молдова – 4,79 литр
Армения – 4,28 литр
Әзербайжан – 2,49 литр
Өзбекстан – 2,1 литр
Түрікменстан – 1,26 литр
Қырғызстан – бар болғаны 0,72 литр
Ресей тағы да әлем бойынша алкоголь тұтыну рейтингінде бірінші орынға шықты. Алдыңғы қатарда сондай-ақ Грекия, Лесото, Мадагаскар және Джибути бар. Ең аз ішімдік тұтынатын елдер — Люксембург, Судан және Йемен.
Алкогольге жұмсалатын шығын өсуде
2024 жылы Қазақстан азаматтары бір адамға орта есеппен 7,4 мың теңгені ішімдікке жұмсаған – бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,6%-ға көп.
Алкоголь бағасы қымбаттап жатыр
2025 жылғы сәуірде Қазақстанда алкоголь бағасы айына 1,2%, жылдық есепте 10%-ға өсті.
Шарап – айына 1,5%, жылына 10,9%
Сыра – 1,2% және 13,9%