Қазақстан темір жолында магистральдарды жаңарту жұмыстары жүруде

Pex фото на taspanews.kz от 17 апреля 2025 11:51
Фото: Pexels

ҚТЖ желісінде 2025 жылы наурызда басталған жөндеу-жол жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҚТЖ сілтеме жасап.


Жоспарға сай, 2025 жылы 1480 шақырым магистраль жаңартылады. Сонымен қатар, күрделі, күшейтілген орта және орта жөндеу жұмыстары белгіленді.


Одан бөлек,  бағыттамалық бұрмалар, рельстер мен шпалдар ауыстырылады. Жұмыстар арнайы техникамен атқарылады.


"Күрделі жөндеуден Павлодар, Алматы,Жамбыл, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау магистральдық желі бөлімшелері шекараларында бірнеше учаскелер қамтылды. Мұнда ескі рельс-шпал торы жаңасымен алмастырылады. Биыл Қазақстанда 512,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді",  – делінген ресми хабарламада.


2029 жылға қарай 11 мың шақырым темір жол жаңғыртылады.


Следите за новостями Taspanews