Қазақстан өмір сүру сапасы бойынша әлемнің ТОП-70 елі қатарына енді

G фото на taspanews.kz от 13 мая 2025 13:45
Фото: Culture.ru

2025 жылға арналған Human Progress Index (HPI) халықаралық рейтингінде Қазақстан 70-орын алды. Бұл рейтингті беделді CEOWORLD Magazine басылымы құрастырады, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


79.32 ұпаймен Қазақстан «өте жоғары деңгейдегі» өмір сапасы бар елдер қатарына кіріп, Орталық Азия бойынша көш бастады.ТМД елдері ішінде Қазақстан тек Балтық елдері мен Ресейге жол берді.


Өмір сүру сапасы қалай анықталады?


Өмір сапасы индексі тек елдің экономикалық жағдайын ғана емес, әр азаматтың күнделікті өміріне әсер ететін маңызды факторларды қамтиды:


- Өмір ұзақтығы – тек ұзақ өмір сүру емес әрі денсаулық жақсы болу маңызды.


- Білім деңгейі – жақсы білім мансап пен жеке дамуға жол ашады.


- Саяси тұрақтылық – тұрақты елде адамдар өзін қауіпсіз сезінеді.


- Жан басына шаққандағы табыс пен жұмыс мүмкіндіктері – табыс неғұрлым жоғары болса, жақсы өмір сүру мүмкіндігі соғұрлым артады.


Осы көрсеткіштер рейтингтің негізін құрайды. Қазақстан осы бағыттарда жақсы нәтижеге қол жеткізіп, Орталық Азияда көшбасшы ретінде танылды.


Көшбасшы елдер кімдер?


Швейцария, Норвегия және Исландия өмір сапасы бойынша әлемдегі ең үздік елдер атанды. Сондай-ақ үздік ондыққа Гонконг, Швеция, Дания және Германия кірді. Бұл мемлекеттер қауіпсіздік, білім сапасы мен халықтың бақыт деңгейі сияқты негізгі көрсеткіштер бойынша алда келеді.


Қазақстанның болашаққа қадамы


Қазақстан үшін бұл – маңызды жетістік. Ел әзірге Еуропаның дамыған мемлекеттерінен кейін тұрса да, Орталық Азиядағы көршілерінен, атап айтқанда Қырғызстан мен Тәжікстаннан озып отыр.


Басқа елдердің жағдайы қандай?


Тізімнің төменгі жағында тұрған елдер үшін де мұндай рейтингтер маңызды. Мысалы, Сьерра-Леоне мен Мали сынды елдердегі төмен көрсеткіштер көбінесе экономикалық тұрақсыздықты, кедейлікті және саяси дағдарысты білдіреді. Ең төмен нәтижелерді көрсеткен елдер – Оңтүстік Судан мен Йемен.


Следите за новостями Taspanews