Қазақстан мен Кипр сотталғандарды беру туралы келісті

Фото: Pexels
ҚР Сенат депутаттары Қазақстан мен Кипр арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Сенатына сілтеме жасап.
Енді сотты болғандар жаза мерзімін азаматтығы бойынша өз елінде өтейтін болады.
Сотталғандарды беру үшін оларда бір мемлекеттің азаматтығы болуы керек және өздерінің келісімі алынады. Жасалынған заң бұзушылық екі елде де қылмыс саналуы керек
Сотталғандарды беру тәуелсіздікке, қоғамдық тәртіпке әсер ететін болса және сотталған адам үкім бойынша шығынды толық өтемесе, елге жіберілмейді.