Қазақстан Қытаймен еркін сауда жүргізуге арналған портал құруда

Фото: ortcom.kz

Қазақстан Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың жаңа цифрлық кезеңін бастайтын бастамашы бола алады. Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» іскерлік кеңесінің екінші отырысында «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Райымбек Баталов өңірдің экономикалық кеңістігін біріктіре алатын бірыңғай цифрлық портал іске қосылуды ұсынды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz.


Баталовтың айтуынша, бұл — қарапайым әрі өзекті бастама. Қазақстан, Қытай, Қырғызстан және басқа елдердің кәсіпкерлері, инвесторлары мен стартаптары серіктестерін оңай таба алатын, жаңа жобалармен танысып, заңнама, логистика және технологиялар туралы ақпарат ала алатын ыңғайлы онлайн-платформа жасау ұсынылды.


«Біздің мақсат – әрбір кәсіпкер бірнеше батырманы басу арқылы қажетті ақпаратты – бизнес каталогтардан бастап, мәміле сүйемелдеу құралдарына дейін – таба алатын бірыңғай цифрлық кеңістік құру», – деді ол.

Бұл портал жай ғана анықтамалық емес, толыққанды платформа болмақ. Ол келесі мүмкіндіктерді қамтиды:


  • undefined
  • undefined
  • undefined
  • undefined
  • undefined

Әсіресе шағын және орта бизнеске (ШОБ) ерекше назар аударылады. Баталов ШОБ -экономиканың тірегі және инновацияның кілті екенін атап өтті.


«Шағын бизнестің әлеуеті зор. Ең бастысы – оған нарыққа шығуға жол ашу, кедергілерді жою және қажетті құралдарды беру. Ал мұны цифрлық портал жүзеге асыра алады»,  – деді ол.

«Атамекен» төрағасы Қазақстанда бизнеске қолдау көрсету бойынша ауқымды бағдарламалар іске асырылып жатқанын және жинақталған тәжірибе бар екенін еске салды.


«Біз жай ғана идея айтып отырған жоқпыз. Бізде іске асқан жобалар бар, және біз оларды өңірлік серіктестермен бірге кеңейтуге дайынбыз. Бірлесіп біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз»,  – деп түйіндеді Райымбек Баталов.