Қазақстан кедейліктің алдында ма? Табыстың жартысынан астамы тамаққа кетеді

Соңғы жиырма жылда Қазақстанда азық-түлікке жұмсалатын шығын айтарлықтай артты - ол отбасылық бюджеттің жартысынан көбін құрайды, деп хабарлайды Taspanews.kz Finprom.kz дерегіне сілтеме жасап.
Негізгі деректер:Соңғы 20 жылда қазақстандық отбасылардың азық-түлікке жұмсайтын шығындары шамамен 10 пайызға өсті. 2004 жылы тамаққа 45,7% бюджет жұмсалса, 2024 жылы бұл көрсеткіш 55,4%-ға жетті.
Бұл халықтың сатып алу қабілетінің төмендегенін және тұрмыс деңгейінің нашарлағанын көрсетеді.
Қазақстандықтар қай өңірлерде азық-түлікке көбірек ақша жұмсайды?
Астана қаласында – отбасылық бюджеттің 49,4%-ы тамаққа кетеді.
Түркістан облысында – бұл көрсеткіш 62,6%.
Сонымен қатар, азық-түлікке жоғары шығындар Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарында тіркелген.
Негізгі себептер – төмен табыс, азық-түлік бағасының қымбаттауы, үлкен отбасылар саны. Шығындар өскеніне қарамастан, қазақстандықтар азық-түлікке үнемдемей, керісінше ет, балық және тәттілерді тұтынады. Соңғы жылдары ет тұтұнуы екі есе, балық пен теңіз өнімдері – 79,5%-ға, тәттілер – 51,4%-ға артқан.Ал жеміс-жидек пен картопты тұтыну азайған.
Халықаралық статистика не дейді?
БҰҰ стандарттары мен Энгель коэффициентіне сәйкес, егер отбасы азық-түлікке табысының 50%-дан астамын жұмсаса – бұл өте төмен өмір сүру деңгейінің көрсеткіші.
Азық түлікке шығын рейтингінде Қазақстан 105 елдің ішінде 99-орында.
Бұл – ең кедей елдердің деңгейіне сәйкес. Салыстырмалы деректер:
Ресей – 29%;
Өзбекстан – 46,5%;
АҚШ – бар болғаны 6,7%.
Азық-түлікке кететін шығынды азайтуға арналған кеңестер:
шығынды алдын ала жоспарлаңыз – апталық азық-түлік тізімін жасап, артық шығыннан сақтаныңыз;
Маусымдық өнімдерді таңдаңыз – арзан әрі пайдалы;Бағаларды салыстырып, жеңілдіктерді бақылаңыз; Үйде тамақ дайындаңыз – сырттан тапсырысқа қарағанда үнемді;
Жартылай дайын өнімдер мен фастфудтан аулақ болыңыз;
Порцияны бақылап, артық сатып алмаңыз;
Бағаға емес, сапаға мән беріңіз – бұл болашақта денсаулықты сақтап, емделуге кететін шығынды азайтады.