Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Pexels фото на taspanews.kz от 30 июня 2025 09:13
Фото: Pexels

2025 жылы 30 маусым күні елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Қазақстанның солтүстігі, шығысында нөсер жауын мен бұршақ жаууы мүмкін. Ел бойынша кей жерлерде жел 28 м/с дейін күшейеді.


Түнде және таңертең Қазақстанның батысын тұман басады. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста шаңды дауыл көтеріледі.


Елдің оңтүстік және орталық бөліктерінде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.


Следите за новостями Taspanews