Қазақстан азаматтары Ираннан эвакуацияланды

 ҚР СІМ фото на taspanews.kz от 18 июня 2025 16:43
Фото: ҚР СІМ

ҚР Сыртқы істер министрлігі, құзыретті мемлекеттік органдар мен шет елдегі дипломатиялық өкілдер 109 азамат елге оралды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР СІМ сілтеме жасап.


Эвакуация достық қатынастары орнатылған мемлекеттер аумақтары арқылы транзитпен жүргізілді. 89 адам Ираннан Түрікменстан арқылы және 20 адам Әзірбайжан арқылы шекарадан өтті.  


«Қысқа мерзімде 200-ден астам азаматымыз хабарласып, оларға көмек көрсетілді. Ирандағы барлық қазақстандықтармен үздіксіз байланыс орнатылып, олардың алдын ала келісілген транзиттік бағыттары бойынша жүріп-тұруы ұйымдастырылды», – делінген ресми хабарламада.

Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары жалғасуда. Сонымен қатар, Израиль мемлекетінен эвакуация жасау пысықталуда.


Следите за новостями Taspanews