Қазақстан ауылдарында 479 медициналық нысан салынды

Фото: ҚР ДСМ
Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жоба аясында 479 МСАК нысанының құрылысы аяқталды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов айтты. Медициналық нысаны болмаған ауылды жерлерде 178 нысан салынды. 301 нысан ескірген және бейімделген нысандардың орнына салынды.
Жыл соңына дейін 176 МСАК нысаны аяқталмақ.
"Ұлттық жобаның шеңберінде 5 климаттық және сейсмикалық аймақ бойынша эталондық жобалар әзірленді. Бұл жобалау мерзімдерін оңтайландыруға, МСАК нысандарын жобалау мен салуда шамамен 16,5 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеуге, сондай-ақ ұлттық оператор әзірлеген эталондық жобаларды қолданудың мультипликативтік әсерін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді",