Қазақстан аумағында дауылды ескерту болжанады

Фото: Freepik

Синоптиктер 2025 жылдың 9 сәуірінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болатынын ескертті, – деп хабарлайды Taspanews.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Синоптиктер сәрсенбі күні кешке дейін ауа райының қолайсыз жағдайы, соның ішінде найзағай, қатты жел, тұман және қатты жаңбыр болатынын болжады.


Жетісу облысының шығысы мен тауларында күндіз  найзағай ойнауы мүмкін. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.


Қостанай облысында түнде және таңертең, облыстың батысы мен оңтүстігіне қалың тұман түседі.


Жамбыл облысында күндіз тауларда найзағай ойнайды, оңтүстікте және тауларда тұман түседі. Таулы аймақтарда жел секундына 20 метрге дейін жетеді.


Қарағанды ​​облысының солтүстігінде күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде тұман түседі. Қарағандының өзінде күндіз найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі.


Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі\ мен шығысында түнде нөсер жаңбыр жауады, оңтүстігі пен батысында найзағай ойнайды. Оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жететін жел соғады.


Астанада түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда сақ болыңыз.


Ұлытау облысы, түнде және таңертең облыстың солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде, Жезқазғанда тұман түсуі мүмкін.


Ақмола облысында күндіз облыстың батыс, оңтүстік және шығыс бөлігінде найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Көкшетауда тұман болжанады.


Батыс Қазақстан облысында түнде найзағай ойнап, жел секундына 20 метрге дейін күшейеді. Оралда да түнде найзағай ойнап, жел 18 м/с күшейеді.


Қызылорда облысының батысы және солтүстігінде найзағай ойнап, бұрқасын болып, шаңды дауыл соғады. Кей жерлерде жел секундына 20 метрге дейін күшейеді.


Абай облысының солтүстігінде түнде найзағай ойнайды, облыстың кей жерлерінде жел секундына 20 метрге дейін жетеді. Семейде түнде найзағай ойнайды.


Маңғыстау облысы – күндіз солтүстік-шығысында және орталығында найзағай ойнайды, түнде және таңертең тұман түседі. Жел секундына 15-20 метрге дейін жетеді.


Атырау облысы – оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай, әсіресе солтүстік пен батыста жел бағыты өзгереді. екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Атырауда жел екпіні 18 м/с дейін.


Павлодар облысында түнде және таңертең оңтүстігі және шығысында тұман түседі.


Солтүстік Қазақстан облысы – түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман түседі. Петропавлда тұман түседі.