Қазақстан әкімдіктеріне елді мекендерден тыс жерде туристік инфрақұрылым салу тапсырылуы мүмкін

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

ҚР Туризм және спорт министрлігі ұсынған бастама бойынша облыс әкімдіктеріне елді мекендерден тыс жерлерде туристік инфрақұрылым салу үішн өкілеттік берілмек. Қазіргі уақытта заңнамаға енгізуге ұсынылған түзетулер Парламентте қаралуда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.


ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың айтуынша, бұл қадам географиялық орны туристерге арналған жерлерде инфрақұрылымды дамытуға бағытталады.  


«Туристік дестинацияларда инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруға бағытталған жеке бюджеттік бағдарлама әзірленетін болады. Бұл ретте, өңірлерде туризмді дамытуға басымдық беру үшін жаңа құзыретпен қатар жеке туризм басқармаларын құру мәселесін қарастыру қажет. Қазір тек бес өңірде жеке басқарма бар, тағы екі өңірмен пысықталуда», – деді министр.