Қазақ Ұлттық университетінде дұрыс тамақтануды зерттеу орталығы ашылды

Pexels фото на taspanews.kz от 29 апреля 2025 21:01
Фото: Pexels

Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының нәтижесінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығының базасында денсаулыққа пайдалы болатын тағамдарды зерттеу орталығы ашылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.


Орталықта елімізде өсірілетін дәрілік өсімдіктер зерттелетін болады. Соя бұршағының қасиеті мен құрамына сараптама жасалады.


«Бейжің технология және бизнес университеті – биология саласында көшбасшы ЖОО-лардың бірі. Біздің ғылыми топ соя бұршағынан адам ағзасына пайдалы нан, ет, сусын, балмұздақ өнімдерін әзірлеп шығарды. Қан қысымын реттеуге, асқазан-ішек жолдарын тазартуға көмектеседі. Сонымен қатар адамға күш-қуат береді. Қазіргі уақытта бұл өнімдер Қытайда сатылады. Бүгінде аталған өнімдерді Қазақстан нарығына алып келуді көздеп отырмыз. Бүгін іске қосылған орталық Қазақстандағы соя бұршағын және өзге де пайдалы өсімдіктерді жан-жақты зерттеуге бағытталған»,  – деді Лю Синци.

Одан бөлек, серәктестікті дамыту мен ғалымдардың әріптестігін алға жылжыту талқыланды.


Следите за новостями Taspanews