Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары тағайындалды
Фото: Gov.kz
Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшысы Руслан Жақсылықов Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, – деп хабарлайды KazTaspa.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тағайындау туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.
Еске салсақ, 8 маусымда ол 2022 жылдың қаңтарынан бері атқарып келген қорғаныс министрі лауазымынан босатылған еді.