Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директорымен кездесті

Pexels фото на taspanews.kz от 16 апреля 2025 15:56
Фото: Pexels

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Яндекс Global» компаниясының бас директоры Даниил Шулейкомен алдағы жоспарларды нақтылады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Даниил Шулейко платформа арқылы жұмыспен қамту жобасы нәтижесінде 65 мыңнан астам жүргізушінің «Яндекс. Такси» серіктесі ретінде әлеуметтік қорғауға ие болғанын айтты. Одан бөлек, AI-Sana бағдарламасына атсалысуға дайын екенін жеткізді. Астанада пилоттық инновациялық жобаларды іске қосу ойластырылғанын айтты.


Мемлекет басшысы Yandex Qazaqstan компаниясының кіші және орта бизнеске және халықтың өмір сүру сапасының жақсаруына қосқан үлесін жоғары бағалады. Жасанды интеллект кезеңінде мәдени бірегейлікті сақтау мен цифрлық кеңістікте қазақ тілін кеңінен ілгерілету маңызын атап өтті.


Следите за новостями Taspanews